1962-1963 оқу жылы
Ұлы Отан соғысынан соң, 17 жылдан кейін ауылда сегізжылдық мектеп салынды.Сол жылы мектебіміз өзінің ең бірінші түлектерін қияға ұшырды, олар — 25 еді.
1968-1969 оқу жылы
Уақыт өте келе сегізжылдық мектебіміз онжылдық мектепке айналды.Сабақтар екі ауысымда жүріп жатты. Бұл жылы мектеп қабырғасынан 21 түлек ұшқан еді.
1971-1972 оқу жылы
Бұл оқу жылы алғаш рет мектеп кітапханасы мен тамақтану буфеті шәкірттерге өз есіктерін айқара ашты.Үлкен үзіліс кезінде оқушылар жаңа піскен сары самса, пешене жеп,ыстық шай ішетін.Сәл кейін мектеп ғимаратынан бөлек денешынықтыру үйі бой көтерді.

1985-1986 оқу жылы
Осы оқу жылы оқушылар саны 400 тарта болды, сондықтан алдымызда жаңа мектеп ғимаратын салу мәселесі тұрды.

1991-1992 оқу жылы
1 қыркүйекте Ащелисай орта мектебі оқушылары мен мұғалімдер ұжымы Білім күнін екіқабатты жаңа мектеп ғимаратында тойлады.Жаңа мектеп 500 орынға есептелген.
2006-2007 оқу жылы
Ащелисай орта мектебі ғимараты ішінен мектепке дейінгі бөлім ашылып, салтанатты түрде бүлдіршіндер қабылданды.Мектепке дейінгі бөлімде екі топ жұмыс істеді: дайындық тобы және түрлі жасты балалар тобы.Енді мектебіміздің атауы да өзгеріп, ММ « Ащелисай орта мектеп – бала бақшасы» деп аталды.Бұл жылы мектепке дейінгі бөлім 27 бала қабылдаған еді.

Бүгінгі күні «Ащылысай орта мектеп- бала бақшасы» КММ өз дәстүрлері бар кемелденген мекеме.
