«Ащылысай орта мектеп – бала бақшасы» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Ащылысайорта мектеп- бала бақшасының мүмкіндіктері:
1.Барлық оқушыларға Қазақстан Республикасының жалпы орта білім Стандартына сәйкес, ақысыз сапалы жалпы орта білім бере алады, атап айтапқанда:
- құзіретті мамандандырылған педагогикалық ұжым ;
- мектептің материалды- техникалық базасы.
2.Мектепке дейінгі бөлімге оқыту мен тәрбиелеу үшін 2 жастағы баладан бастап қабылдай алады.
3.Сабақтар тек бірінші ауысымда жүреді.
4.Спорт, көркемөнер, эстетика саласында қосымша дамуды оқушылар өз қалаулары бойынша таңдай алады.
5.Қосымша оқу ақпараттарын алу үшін тегін Ғаламтор жүйесі қарастырылған.
6. Оқушылардың шығармашылық және интеллектуалды тұрғыда дамулары мектеп жанындағы « Жас қанат» ғылыми қоғамы бойынша жүзеге асырылады.
Біздің принциптеріміз:
- Баланың денсаулығын сақтауға қамқорлық көрсету;
- Табысты тұлға қалыптастыру;
- Жеке тәсіл;
- Бағдарламалар мен әдістемелер қолдану;
- Кәсібилік пен жауаптылық , яғни жоғары сапалы білім беру әрекеттері.
Бұл істердің барлығы жүзеге асырылған, себебі біздің ұстаздар:
- Жұмыс дегенде жанып тұрған жалындай;
- Үнемі өз білімдері мен біліктіліктерін көтереді;
- Оқыту жүйесін үздіксіз жақсартып отырады;
- Тәрбие жұмысы мен оқыту әрекеттерін гармониялық байланыста ұстайды;
- Командалық( отбасылық) рухты қолдайды;
- Брейн-ринг, дөңгелек үстел, диспуттар мен конференциялар, т.б. интеллектуалдық шаралар жүргізеді;
- Өздері жеке үлгі бола отырып,қазақ халқының ұлттық құндылықтарына тәрбиелейді.

