Мектеп формасы

Қыздардың және ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше , шалбар, мерекелік жейде, классикалық жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска, қысқы мезгілде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка, немесе тенниска. Қыздарға арналған белдемше тізеден төмен, қыздар мен ұлдарға арналған шалбарлар тобықты жауып тұруы тиіс. Оқушылар мен ата — аналар назарына! «Ащылысай орта мектеп- бала бақшасы» КММ 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп формасының талаптары Білім туралы ҚР 2007 жылғы 27.07.Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы #26 бұйрығына сәйкес Орта білім ұйымдарында білім алушылар білім білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитетінің шешімімен бекітілген бірыңғай мектеп формасы сақталып қала беретінін хабарлаймыз.

Қосымша ақпарат көздері